Күдікті тұлға анықталды
Сәтбаев қаласында көшеде ер адамды атып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторларының айтуынша, атыс Ulytau mall сауда орталығының алдындағы алаңда болған.
Кадрлардан жерде жарақат алған ер адамның жатқанын, өтіп бара жатқандар оның жарасын таңып, қанды тоқтатуға тырысқаны көрсетілген.
Видеоға қатысты Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі жауап берді.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-99-бабымен "Адам өлтіруге оқталу" қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады", - деп хабарлады Ұлытау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы жараланған жігіттің 1998 жылы туғанын, ол Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілгенін айтты.
"Атылған оқтан оң жамбасына және жыныс мүшелеріне зақым келген. Сонымен қатар арқа тұсы мен екі жауырын аралығына пышақ жарақаты салынған. Хирургтер көмек көрсетіп жатыр", - деді Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі.