Мейрамханалардың есірткі сату фактісін қаланың есірткі қылмысына қарсы қызметі анықтаған
Алматыда ірі мейрамханалардың аспаздары есірткі саудасымен айналысқан. Олар гашиш сатып алған соң ұсталды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
Мейрамханалардың есірткі сату фактісін қаланың есірткі қылмысына қарсы қызметі анықтаған. Осыдан кейін полицейлер ақпаратты тексеруге кірісті.
"Күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталып, ресми түрде құжат толтырылды. "Гашиш" есірткісін сатып алған соң элиталық мейрамхананың бірінің аспазы - 1973 жылы туған азамат М. жұмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту кезінде екі сіріңке қорабына салынған гашиш және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бума есірткі табылды", - деді Әбдірахманов.
Сондай-ақ есірткі сатумен айналысатын аспаз әйел, 1980 жылы туған Д. есімді азамат ұсталды. Әйелдің Алматы облысы Қарасай ауданында ұнтақ заты бар пакет жасырғаны анықталды. Сот-химиялық сараптама жүргізіліп жатыр. Екі факті бойынша да 297-баптың 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
Дереккөз: sputnik.kz