|
23.06.2022 | 08:57
1052

Атбасарда өзен жағасынан әйелдің бөлшектелген денесі табылды

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады

Атбасарда өзен жағасынан әйелдің бөлшектелген денесі табылды © Sputnik

Атбасарда өзен жағасынан қыздың бөлшектелген денесі табылды. Ақмолалық полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды.

Ресми емес ақпарат бойынша, ер адам өзімен бірге тұрған әйелді өлтіріп, қылмысты жасыру үшін денесін бөлшектеп Жабай өзеніне лақтырған. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"21 маусымда Атбасар ауданында Жабай өзенінің бөгетінен адам денесінің бөліктері табылды. Полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігі − кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады ведомство.

Тәулік ішінде әйелдің жеке басы анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесінде сай жария етуге жатпайды", - деді полиция.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир