Ақтөбеде 12 жыл бұрын қылмыс жасаған адам Алматы облысынан ұсталды

17.07.2024 14:00

Ол мал қорымын салуға арналған ақшаны жымқырған

Фото: elements.envato.com

Полиция 12 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Іздеуде жүрген адам ЖШС директоры бола отырып, 2012 жылы Ақтөбе облысының екі ауданында мал қорымын салуға келісіп, банк арқылы бірнеше траншпен 17 миллион теңге сомасында ақша иеленген. Алайда мал қорымын салу бойынша жұмыс орындалмаған. Барлық ақшаны алғаннан кейін ол қашып кеткен», - делінген ақпаратта.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті мемлекетаралық іздеуге жарияланды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүрген іздеуде жүрген азаматты анықтап, ұстады.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанда сел ағызып әкеткен адамдардың денесі Өзбекстаннан табылды