ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр
Алматы облысында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv
7 қаңтарда ІІМ және ҰҚК күштерімен ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті ұсталды. Анықталған есірткі зертханасын тінту барысында 30 кг «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді.
«Бүгінгі таңда тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қосымша қондырғыларды қайдан алғанын анықтау үшін ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.