Тек қана Алматы қаласының өзінде күдіктіге қатысты 10 арыз-шағым тіркеліп отыр
Алматы полициясы әскери қызметкердің жеке деректерін пайдаланған алаяқтық дерегі бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрын хабарланғандай, кейбір алаяқтар әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын және ресми құжаттарын пайдаланады, ал шын мәнісінде оның бұл деректерге ешқандай қатысы жоқ.
"Қаскүнемдер қоғамға қолжетімді болған бұл құжаттарды пайдаланып, атын жамылып, басқа аймаққа шұғыл көшетінін желеу етіп, тұрмыстық заттарды "сатқан". Қалада осыған ұқсас 10-нан астам оқиға тіркелді. Бұл ақпаратты, алаяқтар осы деректерді пайдаланып, оларды алдауы мүмкін екенін халыққа ескерту мақсатында жария еттік. Азаматтарды қырағы және сақ болуға шақырамыз», - деді Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Меңдебаев.
Сондай-ақ, полиция, бүгінгі күні алаяқтар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін көбінесе ІІМ мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атын жамылатынын айтып өтті.
Оқи отырыңыз: Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды