Алматының тағы екі ауданы лаңкестерден тазартылды

14.01.2022 14:18

2 159 қатысушысы ұсталды

Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Комендатура мәліметінше, келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды:

Жетісу және Наурызбай аудандарының аумағында лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 159 қатысушысы ұсталып, 67 бірлік атыс қаруы мен 3 112 оқ-дәрі тәркіленді.

«102» басқару пультіне небәрі 754 хабарлама келіп түсті.

Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл түсті. Барлық хабарлама өңделді.