Теміртауда мектепке «бомба қойған» күдікті іздестіріліп жатыр

03.04.2023 14:23

Оқиға орынына жедел қызметтер жұмылдырылды

rus.azattyq-ruhy.kz

Қарағанды облысының полицейлері Теміртау мектептерінде жарылғыш зат бар деп хабарлаған белгісіз азамат іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін түнде Теміртау полициясына қаладағы мектептердің біріне бомба қойылды деген ақпарат түсті.

Оқиға орынына жедел қызметтер жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері ғимаратты тексерді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш хабарламаға байланысты Теміртау қаласында барлық мектеп пен балабақша тексерілді.