Шымкентте көпқабатты үй ауласынан ер адамның денесі табылды

02.05.2023 в 14:31

Оқиға 1 мамырда болған

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Otyrar.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға 1 мамырда болған.

«Ерімбетов көшесінің бойындағы үйлердің тұрғындары 39 жастағы ер адамның денесін тапқан. Мәйіт ауладағы қоқыс жәшігінің жанында жатқан. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген полицейлер мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын тексерді. Дегенмен адам өлімінің нақты себебі әлі нақты анықталған жоқ. ⠀

«Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтады. Ол Қазақстан азаматтығын алған Өзбекстан тумасы, 1984 жылы туған ер адам болып шықты. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр», - делінген.