Ақтөбе облысында субсидияға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған

05.09.2024 14:33

Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді

elements.envato.com

Ақтөбе облысында аграрлық-өнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды.

Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Павлодарда колледж басшысы жалған қызметкерлерді тіркеп, жалақысын өзі алып отырған