Алматыда лаңкестік пен тонауға қатысы бар 2 402 адам ұсталды

15.01.2022 14:33
Фото: ашық дереккөзден

Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Комендатура мәліметінше, террорға қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 402 қатысушысы ұсталды.

79 бірлік атыс қаруы мен 3 976 оқ-дәрі тәркіленді.

Өткен тәуілікте «102» пультіне 586 хабарлама келіп түсті.

Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін  93 дабыл қабылданды.

Барлық хабарлама дер кезінде өңделді.