Польшада Қазақстан азаматын өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін

11.12.2020 14:35

Бір топ бала оқу орнындағы алма бағына барғанда, мылтықпен қаруланған 51 жастағы азамат оларға оқ жаударған

agropolska.pl

Польшада Қазақстан азаматын атып өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 қараша күні  европа мемлекетінде білім алып жүрген 16 жасар студент аңшының қолынан қаза болған еді. Бір топ бала оқу орнындағы алма бағына барғанда, мылтықпен қаруланған 51 жастағы азамат оларға оқ жаударған. 

Алған жарақаттан жерлесіміз оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сол жерде полицейлерге түсініктеме бергенде, күдікті баланы жабайы шошқамен шатастырып алғанын айтады. 

Бір жарым айға созылған тергеу жуырда аяқталып, іс сотқа жіберілді.