Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген
Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сілтеме жасап.
«28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының Меркі теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады. Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген. Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.