Күдіктілер №85 бағыттағы қоғамдық көлікте жасалған қылмыстан кейін ұсталды
Алматыда қоғамдық көлікте үш қалта ұрысы жүрген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар азаматтардың қалтасын қаққан. Күдіктілер №85 бағыттағы қоғамдық көлікте жасалған қылмыстан кейін ұсталды. Сол жерде жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды суырып алған.
"Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер – 1989 жылы туған К.есімді азаматша, 1989 жылы туған В.есімді азаматша және 2000 жылғы В.есімді азаматша. Олар - Алматы облысының тұрғындары. Қазір ұсталған адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Бір қызығы ұсталған үш адамның екеуі бұрын да бірнеше рет қалта ұрлығы бойынша сотты болған, мүмкін бұл әйелдердің қоғамдық көлікте жасаған жалғыз эпизоды емес шығар.