|
14.12.2022 | 09:40
1658

Қонаевта мысықты өлтірген ер адамға үкім шықты

Балалардың көзінше жасалған мұндай әрекеттер үшін 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген

Қонаевта мысықты өлтірген ер адамға үкім шықты tengrinews.kz

Қонаев қаласының соты баланың көзінше мысықты өлтірген қала тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Прокуратура қылмыс болған дүкенге кіреберістегі бақылау камерасынан бейнежазбаны алдыртқан.

Онда мас ер адам мысықпен ойнап тұрған балаға жақындап, кейін жануарды тепкілегені көрінеді. Мысық қабырғаға соғылып барып өледі. Ал ер адам кетіп қалған.

Алматы облысының прокуратурасы Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткендерге жаза күшейгенін айтты. Қылмыстық кодекстің 316-бабының 3-бөлігі бойынша көпшілік орында және балалардың көзінше жасалған мұндай әрекеттер үшін 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Кінәлі анықталды. Ол қаладағы кәсіпорындарының бірінде жұмыс істейтін және балалары бар Қонаев қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Ол мас күйінде үй жануарын себепсіз ұрып-соғып, кейін қатты өкінген. Қонаев прокуроры Айдос Шорманов азамат Қ. (1984 жылы туған) кінәсін мойындап, мұнысына өкініп отырғанын ескеріп, сотталушыға бас бостандығын 6 ай мерзімге шектеу түрінде жаза беруді сұрады", - дейді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сот прокурордың ұсынысын қолдап, кінәліге осы жазаны кесті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир