Ақтауда 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді

17.11.2022 14:40

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

polisia.kz

Маңғыстау облысында 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«16 қараша күні сағат 16:30 шамасында Ақтау қаласының аумағында 26-шағынауданда Lexus маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балық табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады», - делінген баспасөз мәліметінде.

Балықты заңсыз аулаған 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді», - деді полициядан.