Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды
Астанада көші-қон қызметкерлері жергілікті рейд жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.
Бір күн ішінде елордада елімізде жүріп-тұру тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды.
Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.
Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.
ІІМ көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады.
«Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидасын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар», - деп ескертеді ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Жоқ пәтерді жалдаған: 25 азамат алаяққа алданып қалды