Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 380 миллион теңгеден астам салық түспеген
Шымкенттік тұрғын жалған ақша жасап, мемлекетке 380 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Айтулы азамат үш компания ашып, 1,1 млрд теңге қаржы тапқан. Бүгінде оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, шымкенттік азаматтың қанша жыл заңсыз жұмыс істегені қазірше белгісіз.
«ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды іс жүзінде орындамай жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі. Қылмыстық ниетті іске асыру үшін 3 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 1,1 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 380 миллион теңгеден астам салық түспеген», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.