«Қорғаста» астыртын казинолар мен жезөкшелер притоны жойылды

05.04.2024 14:49

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Almaty.tv

«Қорғас» ШЫХО Қазақстан жағынан жасырын жұмыс істеген 6 казино мен жезөкшелер ошағы жойылды. Бұл туралы  Қаржы мониторингі агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағын ҚХР азаматтары ұйымдастырған. Аталған орындарды Қаржы мониторингі агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасымен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

– Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнде тек қытайлықтар үшін жұмыс істеген. Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажет көптеген техникалық құрал-жабдық, сондай-ақ 60 мың юаньнан аса ақша табылып, тәркіленді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 200 адам қаржы пирамидасына алданған