Пара алған шымкенттік шенеунік сот залында неге жылады

Unsplash
Unsplash

Ол 200 мың доллар көлемінде пара алған деген күдікке ілінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте пара берді деген күдікпен ұсталған қала әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот басталды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Күдікті деп танылған Мақсұт Исаховқа былтыр шілдеде ҰҚК басшысына 200 мың АҚШ долларын берді деген айып тағылған. Содан бері тергеуде жатқан бұрынғы шенеунік Талғат Сарбасовтың бопсалағанын жеткізді. Абақтыға жабылғалы қысымның түр-түрін көрдім деген ол тағылған айыппен келіспейді.

– Мені Сарбасов шақырды. Ол үстінен мені қамаққа алу жайында үкім келгенін айтты. Жұмыс орным керек болса, орнымды босата салайын дегенмін. Бірақ ол көмектеспейтінін айтты. «Істі жеңілдетемін, бірақ көрсеткен қызмет өтелу керек» деп пара беруді тұспалдады. Бастапқыда 500 мың деген, мен оның доллар екенін түсінбедім. Кейін 200-ге түсірді. Мен бұл істе кінәлі сезінбеген соң, ақша беруден бас тартқанмын, – деді айыпталушы Мақсұт Исахов.

Даудың бәрі мемлекеттік сатып алудан басталған. О баста қаладағы жылу жүйесін ауыстыру үшін 9 компания іріктеуге түскен. Соңында жеңіп шыққан мекеме Мақсұт Исаховтың үстінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арызданған. «Күдікті істі жабу үшін пара ұсынған» дейді прокурор.

– 2020 жылы 685 млн теңгеге бағаланған мемлекеттік сатып алу конкурсын «Сити-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алған. Алайда бұған екінші компания келіспей, сотқа шағым түсіреді. Ал Исахов жеке компания шағымынан бас тартса, оған басқа тендер ұтып беретінін айтып 187 млн теңге көлемінде қаражат сұраған. Дегенмен жоспары жүзеге аспайды. Исахов осы кезде ҰҚК Шымкент қаласындағы департамент басшысы орынбасарын пара алуға көндіріп, істі жасырмақ болған. Оған тағылған айып – осы, – деді прокурор Мұхтар Арыстанов.

Оқи отырыңыз: Жалған ақша жасаушылар қолға түсті

 

Новости партнеров