Алдын ала деректер бойынша, табылған қару "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған
ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 24 қаңтарда ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтаған.
"Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды", - делінген хабарламада.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.