АҚШ-тан ірі көлемде есірткі тасымалдаған алматылықтар ұсталды

05.10.2022 14:58

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

egemen.kz

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қаланың Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Алматы қаласында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алғаннан кейін жалпы салмағы 648,98 гр. "марихуана", сондай-ақ жалпы салмағы 675,65 гр "гашиш" есірткі заттары табылып тәркіленген Алматы қаласының тұрғындары ұсталды.

Аталған адамдар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлады, тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.