Құқықтық тәртіп: Алматы полициясы 5 мыңнан астам заң бұзғандарды тоқтатты

17.05.2024 15:02

Полиция ізін суытпай 169 қылмысты ашты

polisia.kz

Шаһардың ПД  мәлімет бойынша, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту мақсатында 2024 жылдың 10 мамыры мен 20 мамыры аралығында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп»  жедел-алдын алу іс-шарасының аралық қорытындысын шығаруда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстың алдын алуға бағытталған.

- ЖАІ-нің 6 күнінде полиция бөлімшелері «ізін суытпай» 169 қылмыстың бетін ашты. Сондай-ақ бұрын жасалған 77 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 16 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар 5 мың 396 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, жолы кесілді. 247 ұсақ бұзақылық, 539 тыныштықты бұзу, 766 қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу және т.б. анықталды, - дейді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Флюорографияға жазылыңыз: алаяқтықтың жаңа түрі шықты