Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Шымкентте полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан 3 ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар қала тұрғындарына күш қолдану арқылы қомақты қаражатты қолды еткен. Күдіктілер азаматтарды «қорғауға» аламыз деп, олардан ай сайын төлем талап еткен. Ұсталғандардың бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты
– Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Оқи отырыңыз: Павлодарда колонияға телефон мен SIM-картаны цемент арасына жасырып кіргізбек болған