Алматыда қаржы пирамидасының негізін қалаушылары ұсталды

23.09.2022 15:04

Күдіктілер Ақкент шағынауданындағы пәтерлердің бірінде ұсталды

polisia.kz

Алматыда қаржы пирамидасының негізін қалаушылары ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл Қытай Халық Республикасының төрт тумасы, олардың екеуі “қандас” мәртебесімен Қазақстан азаматтығын алған, тағы екеуінің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар. 

"Күдіктілер қамауға алынды. Басты тұлға – 26 жастағы Д.есімді азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Топтың басқа мүшелерінің қылмысқа қатысы мен рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Қаскөйлер келесідей тізбек бойынша әрекет етті: “Лазада групп” компаниясының атынан әрекет ете отырып, олар интернетте капиталды ұлғайту мүмкіндігі туралы хабарландыру жариялады және азаматтарға криптовалютаға салым салуды ұсынды. Аңғал адамдар көп болып шықты: күмәнді жобаға кейбіреулері миллиондаған теңге салған. Шын мәнінде, “кәсіпті” ұйымдастырушылар дивидендерді төлеуді ойламаған да, олар бастапқыдан-ақ халықты алдауды мақсат еткен. Зардап шеккендер аудандық полиция басқармаларына жүгіне бастады", – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов. 

Күдіктілерді қаланың криминалдық полициясының, сондай-ақ Наурызбай және Алмалы аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері Ақкент шағынауданындағы пәтерлердің бірінде ұстады. Мәселе үш қыз бен бір жас жігіт туралы болып отыр. Топтың ең үлкен мүшесі – 26-да, алдын ала мәлімет бойынша, ол жетекші, ең жасы небәрі – 20 жаста.  

"Жедел-тергеу тобы күдіктілердің үйлерін тексеру барысында әртүрлі адамның атына ашылған 60-тан астам банк картасын, төрт ұялы телефонды, sim-карта мен ноутбуктарды тәркіледі. Маңызды деталь: жалға алынған пәтерден банктік карта шоттары мен құпия сөздері бар бес дәптер де табылды. Қазіргі уақытта бірқатар қылмыстарға қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Аханов.