Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі бекіре тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
«24 маусым түнгі сағат 3:00 шамасында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатылды. Көліктің жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді», - деп жазды ІІМ-нен.
24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. ҚР ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Тәркіленген балық «Kazakh Osseter» ЖШС мекемесіне тапсырылды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.