Заңсыз алтын өндірген: Трансұлттық қылмыстық топ сотқа берілді

20.08.2024 15:07

2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндіріп отырған

Unsplash

Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген 12 адамға - Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жалпы шығын мөлшері 250 миллион теңгеден асты. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ «жер қойнауын геологиялық зерттеуге» лицензиясын алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан. Көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады", - делінген баспасөзде.