Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды

03.03.2023 15:08

Сондай-ақ, А. Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды

Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды
elements.envato.com

Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

«Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, А. Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды.

Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды», - делінген ресми мәлімдемеде.