Өлім болған бөлмеде 28 жастағы әйел адам болған
Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Оралдағы қонақ үйлердің бірінен 35 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Өлім болған бөлмеде 28 жастағы әйел адам болған. Ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер оның кінәсі толық ашылса ол ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.