Қонаққа келген әйел құрбысының мәйітін тапты

13.04.2022 15:13

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы пәтерлердің бірінен 56 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 сәуірде әйел құрбысының үйіне қонаққа барған, алайда барған кезде оны өлі денесін көрген.

Үйдің есігі ашық болған. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде әйелге зорлық-зомбылық көрсетілгені анықталды.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды.