Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде
Алматы облыстық Полиция басқармасы әлеуметтік желіде 6 баланың анасын зорламақ болған және өлімші қылып сабаған адамның бостандықта жүргені туралы жазбаға байланысты түсіндірме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2022 жылдың 27 қыркүйегінде Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Қарасай ауданы Қаскелең қаласы ауруханасының реанимация бөліміне 35 жастағы әйелдің түскені туралы ақпарат түсті. Бұл дерек Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының ПБ-ға жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.