Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталған

16.08.2023 15:19

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады

Фото ашық дереккөзден

Полицияға жас қыз арызданып, сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған.

Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған.

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз.