Шымкентте жоқ адамға жалақы төлеген басшы сотталды

18.09.2024 в 15:22

Ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Антикор іс жүзінде жұмыс істемеген, бірақ, мекемеден жалақы алып отырған тағы бір адам туралы ақпаратты анықтап, оны құжат бойынша жұмысқа алған басшыны соттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің» басшысы Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері Әбдукаримоваға қатысты үкім шығарды. Олар іс жүзінде жұмыс істемейтін адамға жалақы төлеп, бюджеттің 3,4 млн теңге ақшасын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», - деп хабарлайды Антикор.

Сот оларды мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген.

Оқи отырыңыз: Алматының «Көктөбе» телемұнарасында халықаралық жарықтандыру технологиялары қолданылды