Елімізге жалған құжатпен 45 жүк көлігі кіргізілген

26.03.2024 19:13

Тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды

Almaty TV

Елімізге жалған құжатпен 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілген. Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпарынша, тергеу кезінде қылмыстық топтың заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салдарынан мемлекетке 400 млн теңгеге жуық залал келген. Тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды.

Мемлекетке 180 млн теңге кедендік төлем, сондай-ақ 205 млн теңге  тіркеу төлемі төленбеген. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы әбден тозған