Қазіргі кезде олардың қайтыс болу себебі анықталып жатыр
Шымкентте пәтер ішінен үш адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кеше кешкісін сағат 17:36 шамасында «103» қызметіне хабарласқан тұрғын Әл-Фараби ауданы, Ерманов көшесі бойындағы көппәтерлі үйге шақырту жасап, есікті ашу керектігін айтқан. Оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағы арнайы құралдардың көмегімен кіре беріс есіктерді ашты. Пәтердің ішінен 1978, 1957, 1979 жылы туған үш адамның денесі табылды. Қазіргі кезде олардың қайтыс болу себептері анықталуда.
«Сот медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан мәліметте.