Павлодар облысында елікті атып өлтіргендер сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Олар алдын ала келісім бойынша жабайы жануарларды заңсыз аулауға шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аң аулаған 2 адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

2024 жылдың ақпан айында К. және С. алдын ала келісім бойынша жабайы жануарларды заңсыз аулауға шыққан. Ол үшін Ақтоғай өңіріндегі Ертіс өзенінің жайылмасын – жабайы аңдарды аулауға тыйым салынған ерекше қорғалатын табиғи аумақты таңдаған. Өздерімен бірге тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруын алып шыққан.

«Сотталушының бірі өзіне жүктелген қылмыстық рөлге сай әрекет етіп, еліктерді екіншісіне қарай итеріп жібере бастаған, ол екі рет атып, жануарды өлтірген. Олар 3 жасар еліктің өлексесін алып кетіп қалмақ болған сәтте полиция қызметкерлері ұстаған. Сотталушылар қылмыстық әрекеттері арқылы мемлекетке 2,7 миллион теңгеден астам ірі көлемде залал келтірген», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген К. 4 жылға, С. 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Абай облысында дизель отыны ұрланған


Новости партнеров