Қазіргі кезде іс тергеліп жатыр
Елімізде шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігі мұндай деректің Ақмола облысында анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көкшетау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкерлері сырттан келген темір тұлпарларды қазақстандық нөмірге ауыстыру үшін негізгі төлем түрін жүргізбей, заңсыз тіркеуді ұйымдастырған. Мемлекетке 450 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.
Айта кетейік, елімізде 1қаңтардан бастап шетелдік көліктерді тіркеу уақыты аяқталды. Ал кешіккендер өтініш білдірсе, утильалым мен көліктің шыққан жылына қарай жарна төлеуі керек.
– Бұл істі агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді. Жалған төлем есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Қылмыстық процесті кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Екин: Астанада жолдағы тәртіпті қадағалайтын жүйе іске қосылды