Оқиға Ақсай-4 ықшамауданында болған
Алматыда белгісіз біреулер бір қабатта орналасқан үш пәтерді тонап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл оқиға Әуезов ауданы Ақсай-4 ықшамауданында болған.
Instagram желісінде ұрылар түскен пәтерлердің видеосы тарады. Әуезов ауданының полиция департаменті осы жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.
«Бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр», - деді қалалық Полиция департаментіндегілер.
Әзірше нақты қандай заттардың жоғалғаны айтылмады.