Жалған несие рәсімдеген күдікті Ресейден елге жеткізілді

26.08.2024 15:33

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

стоп кадр

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресейден елге жеткізілді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство дерегінше, күдікті 2019-2022 жылдар аралығында Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола тұра, клиенттердің атына несие рәсімдеген. Күдікті қаражатты достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

– Биыл сәуірде күдікті Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды, содан кейін ол ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ҚР Бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.

Оқи отырыңыз: Өскеменде өрт шыққан пәтердің ішінде 3 бала қалып қойды