Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласы аумағында қаржы пирамидасын құрмақ болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылы азамат Г.С. Нарымбетова жарнамалық қызметтер бойынша жеке кәсіпкер қызметі үшін бұрын жалға алынған кеңсе үй-жайын пайдалана отырып, қандай да бір кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмай, әртүрлі сылтаумен тауарлардың бар екенін және Мемлекеттік сатып алуға қатысатыны туралы жалған ақпарат беру арқылы азаматтардан ақшалай қаражат алған.
Мәселен, азаматша С. Нарымбетова 2020 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде қаржы схемасын құрды, онда тартылған ақша қаражаты бойынша кіріс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес, жаңа инвесторлардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы ақшалай қаражатты тарту есебінен салым сомасының 10%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан.
Қылмыстық әрекеттен анықталған залал 222 млн теңгеден асты, оның 131 млн теңгесі сотталушының өз еркімен өтелді.
Сот үкімімен Гүлзат Серікқызы Нарымбетова 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен, желілік маркетингпен және азаматтардың ақшалай қаражатын тартумен байланысты кәсіпкерлік және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айырумен, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен кінәлі деп танылды.