ҰҚК операциясы: мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарғандар ұсталды

21.07.2023 15:33

Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция жасап, қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге заңсыз, оның ішінде теңіз арқылы шығарғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Комитет мұны "А" арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып жүргізген.

Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.