Павлодарда ер адам полицейдің погонын жұлып қашпақ болған

06.10.2023 15:35

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құқық бұзушы тәртіп сақшысының киімдерін бүлдірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, дәмханада жанжал болып жатқаны туралы шақыру түскен.

«Шақыруға келген полицейлер дәмханаға келушілер арасында болған жанжал төбелеске ұласқанын анықтады. Жанжалға қатысушылар мас күйінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған. Олардың алкоголь ішкені медициналық куәландырумен расталды. Ер адам оқиға орнынан қашуға тырысып, қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар погондарын жұлып, нысанды киімдерін бүлдірген», – деді департаментте.

32 жастағы күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Полицейлердің бірі ауруханаға медициналық көмекке жүгінді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 4-бөлімінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.