Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден 34 жастағы әйел өлі табылды

04.09.2022 15:37

Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды

elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда әйел көпқабатты үй баспалдағынан өлі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 102 пультіне Әуезов көшесіндегі үй тұрғынынан баспалдақта қан-жоса әйел жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полицейлер дене жарақаттары бар 34 жастағы әйелдің денесін тапқан.

Елордалық жедел уәкілдер жедел іс-шаралар жүргізу барысында бір тәулік ішінде Ақмола облысының аумағынан 37 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам бір күн бұрын аулада әйелмен танысып, бос уақытын өткізу үшін оны пәтеріне шақырғаны белгілі болған. Отырыс барысында күдікті мен қонақтың арасында жанжал туындап, ер адам металл темірді алып, жәбірленушінің денесіне бірнеше рет соққы жасаған. Әйелдің есінен танып бара жатқанын көрген ол оны пәтерден алып шығып, баспалдақта апарған.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.