Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды
Ел аумағынан құны 54 миллион теңге болатын жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы Мониторингі Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистерна тәркіледі. Оның жалпы көлемі – 165 тонна. Агенттік ақпарынша, ұсталған компания бұған дейін Өзбекстан мен Тәжікстанға 100 мың тоннадан астам жанармай экспорттауды көздеген. Заңсыз әрекеті үшін сот үкімімен ЖШС серіктестік директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
«Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген жанармай цистерналар мемлекет кірістеріне айналдырылды. Бұрын сатылған бензиннің құны 94 миллион теңге. Сотталғаннан мемлекет кірісіне өндірілді. Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.