Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды

04.02.2023 15:44

Шенеуініктер өз өкілеттігін асыра пайдаланған

elements.envato.com

Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Шенеуініктер өз өкілеттігін асыра пайдаланған.

«Тергеу кезінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясы қала тұрғынының шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыруға шешім шығарғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру салдарынан мемлекетке 159 млн теңге көлемінде шығын келді. Сот санкциясымен Тараз қаласы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және бұрынғы сектор меңгерушісі қамауға алынды.