Талғар ауданында такси жүргізушісін 37 жерден пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

27.12.2022 15:47

Қылмыскер қылмысты алдын ала егжей-тегжейлі ұйымдастырған

Big-Rostov.ru

Алматы облысы Талғар ауданының полиция басқармасы 37 жерден пышақталған ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

17 желтоқсанда полицияға Кеңдала ауылының шетінде ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен, 18 желтоқсанда мәйіттен 1 200 метр қашықтан марқұмның көлігі табылды. Ол жолаушы тасымалымен шұғылданған.

"Қылмыскер қылмысты алдын ала егжей-тегжейлі ұйымдастырған. Бір реттік абоненттік нөмір, ұялы телефон және сапалы қару пайдаланған. Қылмыс жасауға болатын және ол жерден кете алатын орынды білген", – делінген полиция хабарламасында.

Бір аптадан кейін Алматыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды.

"Заттар айғақтар негізінде күдікті Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс кезінде киген қан іздері бар киім, бәкі тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне қарай жария етуге жатпайды", – деп қосты полицейлер.