Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі
Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері алкогольді заңсыз өткізу бойынша жерасты цехын жою жөнінде арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Контрафактілік алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған.
Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі. Оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады.
Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді.
"Бұл факт Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді", - деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.