Ер адам қарағандылықтарды 13 млн теңгеге алдап кеткен

21.02.2023 15:57

Тергеу жүргізіліп жатыр

stan.kz

Полия қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен талдықорғандық 22 жастағы тұрғынды ұстады. Тергеу материалдарында Қарағанды облысының жалпы сомасы 13 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған алты тұрғыны жәбірленуші ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Almaty.tv.


Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтықтың барлық эпизоды тауар-ақшалай несиеге байланысты болған.

«Күдікті тұрғындарға тауарлық несие беруді ұсынып, ұтымды бонустар уәде еткен. Яғни, несие сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым бонустар көп болады-мыс. «Ақша аударымдарын алып, тауа рәсімдеп, содан кейін оны өз бетіңше сата бересің» деп уәде еткен. Клиент табуға оның алаяқтың құрбандарының біріне айналған құрбысы көмектесіп отырған», - деді Жетісуға облыстық Полиция департаментінің бөлім бастығы Қайрат Жұрынов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының екінші бөлігі «Алаяқтық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.