ҚР ҚМА өкілдері күмәнді қаржы ұйымдарына қаржы салмауға шақырды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлері қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деп күдікке ілінген облыс тұрғынына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы әлеуметтік мессенджерлерінде чат құрғаны анықталған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.
- Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Ведомство қазір "Өзіміз ғой Арай" чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады, қазіргі уақытта "Люкс чат", "Чек чат Люкс 100%", "Вклад чат 50%" деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Агенттік өкілдері халықты қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды.