БҚО-да екі жігіт экспедитордың 2 млн теңгесін ұрлаған

03.04.2023 16:00

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Polisia.kz.

БҚО-да екі жас жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, экспедитордан 1,8 млн теңге сомасында ақшасы бар пакетті тартып алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1990 жылы туған жәбірленуші шабуылдаушылар бетперде киіп, оның бетіне бірнеше рет соққы жасағанын хабарлаған.

Ақшаны тартып алғаннан кейін, қарақшылар оқиға орнынан ВАЗ 2115 көлігімен бой тасалаған. 1996 және 1997 жылы туған күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.